Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Johnson & Johnson балаларға арналған ұнтақ құрамында асбест барын он жылдай жасырған

Johnson & Johnson корпорациясы балаларға арналған ұнтақ құрамында асбест барын ондаған жыл бойы жасырып келген. «Рейтер» агенттігінің тілшісі Лиса Герион журналистік зерттеуінде компания өніміне көңілі толмаған мыңдаған талап-арыз берушілердің арасында обыр ауруына шалдығу дерегі тіркелгенін баяндайды. Бірақ Johnson & Johnson өзінің әйгілі өнімі қауіпсіз екендігін айтудан шаршаған емес.