Батырлар елі. Есен Орақбаев
1942 жылы Фурманов педагогика училищесінде оқып жүрген ол өз еркімен майданға аттанды.
Ростов қаласындағы зеңбірекшілер училищесінің жылдамдатылған курсын бітірді. 1943 жылдың сәуірінде 2-ші Украина майданы 53-ші әскері 203-ші атқыштар дивизиясы 610-шы атқыштар полкі атыс взводының командирі болды. Батырдың Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында көрсеткен ерлігі толығырақ осы шығарылымда.