Батырлар елі. Бақтыораз Бейсекбаев

Ол капитан Александр Маслов басқарған экипаж құрамында атқыш-радист болды.

1941 жылдың 26 маусымында ұшақ экипажы аты аңызға айналған капитан Гастелломен бірге жауынгерлік ұшу сапарына қатысты. Осы шайқаста экипаж мүшелері түгел опат болса да, олар көзсіз ерлік жасады. Отан үшін жанын қиған батыр Бақтыораз Бейсекбаев жайлы толығырақ осы шығарылымда.