Батырлар елі. Жәнібек Елеуісов

Ол мергендердің 6 айлық курсын бітірген.

1943 жылы шілдеде 6-гвардиялық атқыштар дивизиясының 25-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Воронеж майданында ұрыстарға қатысқан. Жәнібек Елеуісов Десна, Днепр және Припять өзендерінен өтудегі жойқын ұрыстарда ерекше көзге түсті. Батырдың Отан үшін жан кешкен ерлігі толығырақ бүгінгі шығарылымда.