Батырлар елі. Малкеждар Бөкенбаев
Ол 1943 жылдың шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты.
1-ші Беларусь майданының 69-шы әскері 312-ші атқыштар дивизиясы 1081-ші атқыштар полкінің атқыштар взводын басқарды. 1944 жылдың 20 шілдесінде Малкеждар Бөкенбаев взводымен бірге Батыс Буг өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Батырдың майдан даласындағы ерлігін осы шығарылымнан көре аласыздар.