Батырлар елі. Павел Блинов
Ол Ұлы Отан соғысына 1943 жылдың наурызынан бастап қатысты.
Украина майданының 5-ші және 2-ші әуе әскерлері құрамында соғысты. Курск шайқасына, Украина, Молдавия, Румыния, Польша, Чехословакия жерлерін азат етуге қатысқан. Павел Блиновтың Сандомир плацдармында жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде көрсеткен ерлігі жайлы бүгінгі бағдарламада баяндаймыз.