Батырлар елі. Григорий Мясоедов
Ол Қызыл әскер қатарына Ақтөбе аудандық әскери комиссариатымен 1941 жылы шақырылды.
Сол жылдың маусымында өз еркімен майданға аттанды. Сталинград түбінде, Курск доғасында шайқасты. 1943 жылдың қазанына қарай аға сержант Мясоедов Орталық майданның 65-әскері 193-атқыштар дивизиясы 895-атқыштар полкінің рота старшинасы болды. Днепр үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.