Батырлар елі. Константин Грицынин
Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында 60-гвардиялық атты әскер полкінде взвод байланысшысы болды.
Днепр үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түсті. Грицынин осы шайқаста 3 тәулік бойы 10 шақырым қашықтықтағы полк штабымен үздіксіз байланыста болып, өзен арқылы бірінші өткен эскадронды телефон байланысымен қамтамасыз етті. Батырдың майдан даласындағы ерлігі толығырақ бүгінгі шығарылымда.