Батырлар елі. Тимофей Позолотин

1942 жылдың 2 желтоқсаны. Орталық Дон шабуылдау операциясы.

Тимофей Позолотин басқарған 17-ші гвардиялық танк полкі майдан шебін бұзып өтіп, 1-ші механикаландырылған корпус құрамында неміс әскеріне үлкен шығын әкелді. Сол шайқаста олар жаудың 10 мыңға жуық солдатын, 50-ге жуық зеңбірек пен 200-ден астам көлігін жойды. Батырдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі толығырақ бүгінгі шығарылымда.