Шегарадан қанша қаражат алып өтуге болады?
Шетелге демалуға немесе кәсіп ашуға баратын адамдар кедендік тексеріс кезінде кейбір кедергілерге тап болуы мүмкін. Әсіресе қомақты қаражатты қолма-қол алып бара жатқан азаматтарға белгілі бір шектеу қойылады. Олар лимиттен асып кеткен жағдайда, әлгі ақшаны қайдан алғанын нақты құжаттармен растауы қажет. Сол себепті, осындай келеңсіз жағдайға тап болмау үшін – лимит жайында барлық ақпаратты «Білген абзал».