Тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
Соңғы жылдары елімізде су тасқыны, жер сілкінісі, дауыл, өрт сияқты төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Мұндай жағдайда ең алдымен қарапайым халықтың мүлкі зардап шегеді. Үкімет осы мәселені шешу үшін жаңа бастаманы қарастырып жатыр – ол тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілмек. Бұл қандай жүйе және ол халыққа қалай әсер етеді? Мұны – «Білген абзал».