«Стоп кредит» қызметі не үшін қажет және оны қалай пайдаланады?
Қазіргі уақытта заманауи технологиялардың дамуымен кредиттерді рәсімдеу барынша қолжетімді және ыңғайлы болды. Сонымен қатар алаяқтардың да белсенділігі де артып барады. Осыған орай банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін «Стоп кредит» мемлекеттік қызметі енгізілген. Ал ол қалай жұмыс істейді? Мұны «білген абзал».