Банк комиссиясы деген не?
Банк комиссиялары көзге көрінбейтін ұсақ шығын болып көрінгенімен, жыл соңында қомақты сомаға айналуы мүмкін. Өз ақшаңызды басқаруды үйрену үшін банктердің қалай табыс табатынын және қандай қызметтер үшін ақы алатынын түсіну қажет. Қаржылық сауаттылықты арттырып, артық төлем шығармау үшін мұны «Білген абзал».