Туысыңызға несие алып беріп, ол төлемей қойса не істеуге болады?

Елде жақын адамына кредит алып беріп, оны төлете алмай жүргендер бар. Солардың кейбірі заңгерлерге жүгініп, мәселені заң шеңберінде шешуге тырысып жатыр. Алайда барлығы бірдей әділдікке қол жеткізеді дей алмаймыз. Өйткені несиені басқа адамға алып бергенін растайтын бірде-бір дәлелі жоқ. Сол себепті заңгерлер осындай келеңсіз жағдайға тап болмау үшін, басқа адамдарға кредит алып беретін кезде біраз дүниені ескеру керек дейді.