432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан – Қытай: жеңіс кімге бұйырады?

  • 3027

Дәл қазір Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еліміздің қыздар құрамасы шайбалы хоккейден кезекті кездесуін бастады.

Қытай елінің хоккейші қыздарымен сынға түсіп жатқан біздің команда бірінші ойынын жеңіспен аяқтаған болатын. Әзірге хоккейші қыздарымыздың қоржынында бір жеңіс бар.

Унивесиадаға қатысып жатқан хоккейші қыздарымыз екінші кездесуін бастады. Қытай елінің спортшыларымен бақ сынап жатқан біздің команда әзірге алда келеді. Кездесу өте тартысты өтіп жатыр. Қақпаға бағытталған соққылардың қарқыны сәт сайын артып келеді. Бәсекені өз көздерімен көріп, спортшыларға қолдау көрсеуге келген көрермендердің қарасы да қалың. Атойлап жатқан жанкүйлерлер даусы біздің спортшылардың намысы мен жігерін қамшылауда.

Еске сала кетейік, Универсиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық хоккейші қыздар Ұлыбританияны 11:0 есебімен жеңді. Ойын екі күн бұрын дәл осы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен еді. Қыздарымыз келесі ойынын сәрсенбі күні Канаданың студенттер құрамасымен өткізеді. Жалпы Универсиада ойындары барысында шайбалы хоккейден қыздар арасындағы сынға сегіз команда сынға түседі. Қай команданың жеңіске жеткені бір жарым сағаттан кейін белгілі болады. Ол біздің назарда.

Авторы: Аршын Кемелжан

Хабар 24 телеарнасы