432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: жарыстың үшінші күні

  • 2885

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден жарыс жалғасып жатыр.

Бұл спорт түрінен жүлдегерлердің алғашқы легі кеше анықталды. Бір жарым шақырым қашықтықта бақ сынасқан жерлесіміз Екатерина Айдова қола медальға қол жеткізді. «Рекордтар фабрикасы» атанған Медеу мұз айдынында бүгін тағы да финал.

Медеу мұз айдынындағы кезекті жарыс басталды. Дәл қазір конкимен жүгіруші қыздар 3 мың метр қашықтықта бақ сынауда. Оған 15 мемлекеттен 32 спортшы қыз қатысқан. Атлеттердің үшеуі біздің елдің бұрымдылары. Атап өтсек, Эльвира Халықова, Мария Сизова және Татьяна Климчук. Бұл сайыстың қорытындысы бір сағаттан кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, кеше конкимен жүгіруден ерлер 5000 метрде өзара үздікті анықтады. Ал қыздар 1500 метрде бақ сынады. Өкінішке орай жігіттеріміз алғашқы үштікке іліне алмады. Ал қыздар арасындағы жарыста Екатерина Айдова қола жүлде қанжығалады. Бұл конкимен жүгіру спортындағы алғашқы алқа. Бүгінгі спортшыларымызға Екатеринаның жолын берсін.

Хабар 24 телеарнасы