427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: Қыздар арасындағы 15 шақырымдық шаңғы жарысы басталады

  • 3439

Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде қысқы Универсиада ойындарының қыздар арасындағы 15 шақырымға жалпылай шаңғы жарысы басталады.

Қазір қыздарымыз 15 шақырымдық жалпы жарысқа кіріскелі тұр. Шаңғышы қыздарымыздың арасында бұған дейін Анна Шевченко мен Анна Стоян жекелей сындарда жақсы нәтиже көрсеткен болатын. 5 шақырымдық жарыста және жеке спринтте екеуі де қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ командалық аралас спринтте және жұптасып жүгіруден Олжас Климин, жеке спринтте Иван Люфт алтын алған еді. Ал 15 шақырымдық эстафеталық жарыста қыздар командасы күміс медальға қол жеткізді. Сонымен бұл спорт түрінен спортшыларымыз Қазақстан қоржынына 7 жүлде әкелді. Оның 2-еуі алтын, 2 күміс және 3 қола.

Міне, бүгінгі сайысқа сол қос Анна, Ольга Мандрик пен Ангелина Шурыга, Марина Матросова және Валентина Эбель қатысады. Жарыс бір жарым сағатқа созылады. 

Хабар 24 телеарнасы