Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биатлоншыларымыз ел қоржынына күміс және қола медаль салды

  • 2881

Қазақстандық биатлоншы жігіттер 28-ші қысқы Универсиаданы бір күміс, бір қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін спринтерлік сайыста үздік үштіктен көрінген Роман Еремин масс-стартта күміс жүлдегер атанды. Ал Антон Пантов бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың қола медалін еншіледі. 15 шақырымдық жаппай жарысты қазақстандық биатлоншылар тамаша бастаған еді. Антон Пантов үшінші ату кезеңінен кейін жеке-дара топ бастады. Алайда соңғы шешуші нысана көздеуде жерлестеріміз бір мәрте мүлт кетіп, алға француз жігіті Баптиста Жютиді жіберіп алды. Роман Еремин мен Антон Пантовты қапы қалдырған француз биатлоншысы соңғы кезеңде жылдамдығын арттырып, мәреге бірінші болып жетті. Одан 13 секундқа ұтылған Роман Еремин екінші орынға табан тіреді. Осымен біздің биатлоншы қыз-жігіттер Алматыдағы қысқы Универсиада ойындарын аяқтады.

Роман Еремин, биатлоннан қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері:

- Қола жүлдегер деген атақтан құтылғаныма ризамын. Алайда алтынға да сәл жетпей қалды. Күшім сарқылып, жүйкем де сыр берді.

Антон Пантов, биатлоннан қысқы Универсиаданың қола жүлдегері:

- Әрине, үшінші орын алғаныма ризамын. Себебі бұл жерде бәсекелестік күшті. Осында келіп қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы