378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім. Студенттердің жатақханамен қамтылуы

  • 540

Алдағы 5 жылда елімізде 75 мың орынға шақталған жатақханалар бой көтеруі тиіс. Президент «5 әлеуметтік бастама» құжатында алдағы оқу жылынан бастап мемлекет тарапынан білім алып жатқан студенттер қатары көбейетінін айтты. Биылғы білім грантының саны 54 мың болса, оған қосымша тағы 20 мың қосылады. Білімпаз жастардың болғаны құптарлық әрине, әйтесе де, оларды орналастыру, әлеуметтік жағдайын жасау тағы бар. Бұл ретте, мемлекет басшысы студенттерге арналған тұрғын жайлардың санын асыруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы