Жаңа форматтағы мектеп басшыларын даярлау

Елімізде 2,5 мың оқушыға лайықталған 400 жайлы мектеп бой көтермек. Алдағы екі жылға қойылған меже осы. Ал заманауи білім ошақтары қолданысқа берілген соң, оларды білімді де білікті, алғыр менеджерлер басқаруға тиіс. Оқу ағарту министрлігі бұл ретте тағы бір жобаны іске қосты. Ол жаңа форматтағы мектеп басшыларын даярлауды көздейді.

«Мың көшбасшы» жобасының қазіргі аяқ алысы қандай? Бүгінгі бағдарламаны осы тақырыпқа арнамақпыз.