Блогерлер 2.0. Блогер деген кім?
Медиатренер Асхат Еркімбай бұған не дейді?
Бүгінгі шығарылымда бағдарлама жүргізушісі Өркен Кенжебек сіздерге әлеуметтік желіде қызу талқыланған 4 тезистің басын ашып береді.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз. Қазір «СССР» деген жазуы бар кез келген кір тасын 3 млн теңгеге сатып алады екен» деген қауесет қаулап тұр. Бұл туралы кім не дейді?
Сондай-ақ болашағынан үлкен үміт күттіретін Әсия Бағдаулетқызының «Рейтинг» газетіне берген сұхбаты да әлеуметтік желілерде кәдімгідей рейтинг берді. Сол сұхбаттан үзіндіні, БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қорының бір зерттеуіне қынжылыс білдірген ағылшындар ортасында оқып жатқан Самат Нұртазаның пікіріне осы шығарылымда толығырақ тоқталамыз.