Блогерлер 2.0. Наурызға қатысты қызықты жазбалар
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін мезгілі наурыз айы.
Осы аймен келетін жыл басындағы Наурыз мерекесіне қатысты пікірлерді бүгінгі шығарылымда назарларыңызға ұсынамыз.
Сондай-ақ біз сіздермен өткен аптада ұйымдастырылған «жер сағаты» деп аталатын акцияға қатысты жазбалар мен әлеуметтік желі қолданушыларының өзге де көзіміз шалған жақсы ойларымен бөліспекпіз.