Блогерлер 2.0. Аптаның көзге көп іліккен тақырыбы қандай?

hr-m.com.ua

Елдегі білім саласында қандай өзгерістер болғанын қалайсыз?

Өткен аптада ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астананың бір топ блогерлерімен кездесті. 5 сағатқа созылған отырыста балабақшаға ерте барудан бастап, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер, ҰБТ, оқу мерзімін созу секілді көптеген мәселелер талқыланды. Кім, қандай ой түйді?

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аудару жобасы жалғасып жатыр. Сол жобаның аясында «Джунгли кітабын» ана тілімізде тамашалап тастадық. Көргендер не дейді? Бағдарлама жүргізушісі Өркен Кенжебек осы және өзге де тақырыптарды талқылап, қажетті кеңестермен бөліседі.