Блогерлер 2.0. Ертегідегі Алиса қазақша сөйледі
«Болашақ» қауымдастығы бастамашы болған голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аудару жобасы өз жалғасын тапты.
Өткен аптада «Алиса айнаның арғы бетінде» көркем фильмі қазақ тілінде жарық көрді. Бұл осымен аударылған 15-ші фильм. Сіз солардың біріне барып көрдіңіз бе? Ал, көргендер не дейді?
Жалпы сіз армандай білесіз бе? Алыстан мұндалайтын ол сізге қол жетпестей болып көріне ме? Ендеше Астана экономикалық форумына келген Азияның ең бай адамы «Alibaba» компаниясының негізін қалаған Джек Маның пікірін тыңдап көріңіз.
Өткен аптаның тағы бір жаңалығы «Атамекен» ҰКП тікелей қолдауымен ашылған «Atameken business channel» арнасы болды. Ол жайлы экономист Ерболат Мұхамеджан не дейді? Ол бұл жерден нені көргісі келеді?