Блогерлер 2.0. Кім, қанша кітап оқиды?

www.vseodetyah.com

Дүниежүзі бойынша кітапты көп оқитын ел Жапония екен. Күншығыс елінде 1 жылда 25 мыңнан астам кітап саудаға түсіп, әрбір жапондыққа 11 кітаптан келеді.

Ал біз жайлы Ұлттық кітапхана алдындағы электронды жүгіртпе жолақтағы жазу не дейді? Кітап қоры бойынша әлемде 41-орында тұрған еліміздегі оқу деңгейі қандай? Бүгінгі шығарылымда осы және өзге де тақырыптарды талқыға салған желі қолданушыларының жазбаларын назарларыңызға ұсынамыз.