Блогерлер 2.0. Сөз айту, сөз жеткізу

Әкесі өлген адамға бірден «әкең өлді» десең, жүрегі ұстап жүріп кетуі мүмкін. Оны «асқар тауың құлады» деп бейнелеп әрі жұмсақтап жеткізуге болады ғой. Баласы қайтыс болған адамға да «мөлдір бұлағың суалды» деп жеткізді емес пе атам қазақ! Жалпы, сөз айту, сөз жеткізу мәдениетін қайта үйрену керек...