Бес реформа белестері. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Бұл Ұлт жоспарының 93-қадамы. Былтыр қараша айында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылданды. Бұл құжаттың жөні бөлек. Енді қаржы мәселесіне келгенде салдарына емес, себебіне мән беретін боламыз. Одан не өзгереді?