Жыл кітабы анықталды

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталды. 10 аталым бойынша үздік туындылар таңдалды. Жыл кітабы ретінде «Қазақстан тарихи тұлғалары» сериясы бас жүлдені жеңіп алды. Байқауда балалар әдебиеті, комикс, нон-фикшн, детектив, сатира, иллюстрациялық кітап, аударма мен фантастика жанрлары, және үздік баспа анықталды.