Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, журналист Смағұл Садуақасұлының туғанына — 125 жыл. Осыған орай, елордада алаш қайраткерінің есімін ұлықтаған ауқымды конференция өтті. Іс-шараға елге белгілі ғалымдар, студент-жастар мен жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Зиялы қауым біртуар тұлғаның саяси соқпағы, өмірлік мұраты мен шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті. Смағұл Садуақасұлы — советтік отарлау жүйесіне қарсылық көрсетіп, аз ғана ғұмырында елдің қамы үшін күресіп өткен. Жауапты мемлекеттік қызметімен қоса, шығармашылықпен айналысып, төл әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Асыл азамат 1933 жылы Мәскеуде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Биыл сонымен қатар, «Қазақ» атауының қалпына келтірілгеніне – 100 жыл. Ғылыми-конференцияда төл шежіремізге қатысты құнды деректер айтылды.