Дархан дала. Қарағанды: өндірісі өркендеген өлке
Қарағанды аяқкиім фабрикасы өзі шығаратын өнімге толық қанды отандық шикізатты тұтынатын бірден-бір кәсіпорын.
Мұндағы өнімдер таза былғарыдан жасалған. Шетелден әкелінген заманауи құрал-жабдықтар күніне 300-дей адамды сапалы аяқкиіммен қамтамасыз етеді. Жұмыс күшінің дені жастар. «Дархан дала» жобасы Қарағандыда. Өнімі өтімді ірі кәсіпорындар мен өңір тыныс жайлы толығырақ осы шығарылымда таныстырамыз.