Дархан дала. Түркістан: өндірісі өрлеген өлке
Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда соңғы 10 жылда халық саны 80 пайызға артты.
Сәйкесінше бала санының көбеюімен бірге мектеп жасына дейінгі мекемелер саны да артуда. Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам балабақша мен шағын орталықтар жұмыс істейді. Солардың біріне бағдарламаның түсірілім тобы да барып қайтты. Бүлдіршіндер онда өз уақыттарын қалай өткізеді?
Сондай-ақ бүгінгі шығарылымда сіздерді 20 жылдан астам мақта жинау және өңдеумен айналысатын қожалық пен ел нарығын жиһазбен қамтамасыз етіп отырған шеберханамен таныстырамыз. 130 қызметкері бар бұл өндіріс орны жылына қарағаштан жасалған 30 мыңға жуық орындық шығарады. Компания «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» атты отандық байқауларда жеңімпаз атанған.