Дархан дала. Алматыда жасалған

Бұл қалада шетелдік брендтермен бәсекелесе алатын өнімдер шығарылады. Іргесі 2010 жылы қаланған «Avrora» ЖШС сөзімізге дәлел.

Мұнда медициналық және тамақ өнеркәсібіне арналған тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдары, тұрмыстық химия мен косметика өнімдері өндіріледі. Жұмыс процесі қалай жүзеге асырылады?

Сондай-ақ бүгінгі шығарылымда тозған вагондарға бастан-аяқ жөндеу жүргізетін Алматы вагон жөндеу зауытына да тоқталамыз. Тарихы Түрксіб темір жол магистралі кезінен басталған зауыт бүгінде шағын шеберханадан үлкен өндіріс ошағына айналды. 2003 жылы қайта  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кейін заманауи озық технологиялармен жабдықталды. Жаңа өндірістік алаңдар іске қосылды. Бүгінде мұнда 6 цех бар. Олардың қарқыны қандай?