Дархан дала. Талдықорған қаласының бүгіні келбеті

Театр киім ілгіштен бастау алса, кез келген қаланың мәдениеті театрдан басталады.

40 жылдан бері талдықорғандықтардың өмірі Бекен Римова атындағы облыстық драма театры сахнасында қойылған көрсетілімдер кейіпкерлерінің өмірімен біте қайнасып кеткен.

Драма театр 1957 жылы Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың трагедиялық махаббаты туралы қойылыммен ашылды. Өткен жылы театр жұмысын бірге бастаған ұжым оның 40 жылдық мерейтойына жиналды. Бүгінде есімдері республикаға танымал, еліміздің көптеген өнер ошағының жетекші режиссерлері мен актерлері шығармашылық жолын осы театр сахнасынан бастады.

Бүгінгі шығарылымда Талдықорған қаласының тыныс-тіршілігімен таныстырамыз.