Дархан дала. Есік: тарих іздері

Іле Алатауының баурайында Есік өзенімен аттас қала орналасқан. Оны археологиялық тұрғыдан қарағанда баға жетпес қорғандар қоршап жатыр.

Дәл осы жерде көшпенділер мәдениетінің ең танымал жәдігері «Алтын адам» табылған. Бүгінде оның сүйегі Есікте, түпнұсқасы Астанада, ал бірінші реконструкциясы Алматыда сақтаулы. Бағдарламаның түсірілім тобы сіздерді Есік қаласымен, оның ішінде сақ мәдениетінің 80-ге жуық құнды ескерткішін қамтитын аумақты алып жатқан мұражаймен, сағатына 10 үйге бір айға жететін энергия өндіруге қауқарлы су электр станциясымен таныстырады. Сондай-ақ бүгінгі шығарылымда біздің назарымыздан өңірдің денсаулық сақтау және спорт салалары да тыс қалмады.