Климаты шипалы, ауасы саф Бурабайдың ерекше орындары
Мінсіз жағдай жасалған жерде саяхатшы саны артады. Дегенмен ыңғайлылық туралы айтатын болсақ, «саяхатшы» емес, «турист» дегеніміз дұрысырақ болар. Әлемге турист көзімен қарап көрейік. Ал ол көп жерде экономика да өседі. Жергілікті мекенде танымал қонақ үй брендтерінің болуы оның өсуіне септігін тигізеді. Мұндай желілер халықаралық қонақтар ағынын тартады, аймақтың беделін қалыптастырады және, әрине, әлемдік деңгейде танылуға көмектеседі. Картадан танымал қонақ үйдің атауын көрген кезде, қонақта түпкі сана деңгейінде «бұл жерде тек жоғары сапалы қызмет, ең жақсы жағдай» деген ойлар келеді. Туристер үшін жайлылық кепілі болса, аймақ үшін дамуға серпін.