«Тәж Торғай» — әлемнің жеті кереметтерінің басын қосқан жоба
Кез келген оқиғаның өзіне тән логикалық түсіндірмесі болады. Кейде ол бірден байқалмауы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе «аа неге бәрі дәл осылай болғаны енді түсінікті!» – деп жатамыз кенеттен. Қызықты кездесулер, ерекше жобалар, тағдырыңа әсер ететін шешімдер – өміріміздегі кез келген нәрсе бір-бірімен қандай да бір деңгейде байланыста. «Дархан Дала» туристік жобасының бүгінгі шығарылымында мен сізге жай ғана бір әңгіменің арқасында қандай сұлулықтың куәсі болғанымызды айтып беремін. Айтпақшы, сіз де куә боласыз!