Қостанайдың қос бірегейі: Сосновый бор жаңа дем береді, Науырзым шабыт сыйлайды

«Дархан дала» жобасының осы шығарылымында біз Қостанай облысы бойынша сапарымызды жалғастырып, өңірдің қос бірегейі: Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін демалушылары бар, табиғаты күш-қуат берсе, таза ауасы дәріден де пайдалы, ал минералды көлі сергітетін «Сосновый бор» шипажайымен, ЮНЕСКО тізіміне енген (тізім бұнымен ғана шектелмейді) облыстағы жалғыз қорық – Науырзым қорығымен танысамыз. Оған қоса қорықтың 60 жылдық мерейтойына қатысып, ең дәмді тағамдардан ауыз тиіп, «Қымызмұрындықта» қымыздың ондаған түрінің дәмін татып, даланың еркіндігі мен шабытын, дәстүрдің ерекше рухын сезінеміз.