Қостанайдың өндірісі: тәттілер мен көліктер

Қостанай облысы бойымен саяхатымыз әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі шығарылымда өңірдің басты ерекшеліктерінің бірі – оның өндірісімен танысамыз. Адамдардың сүйікті тәттілеріне айналған кондитерлік өнер туындылары қалай жасалатынын өз көзімізбен көріп, «Дархан даланың» саяхаттарының басты кейіпкерінің бірі, көліктің отаны – автозауытқа барамыз. Ал егер өндірістік кәсіпорындар мамандарға ғана емес, туристерге де қызықты болып шықса ше? Бүгін осы жөнінде.