Шығыс Қазақстанға автосаяхат: эфирге енбеген кадрлар

Бұл Шығыс Қазақстанның көркем қойнауы, Кіші Үлбі өзенінің жағасындағы жер. Ну орман, мөлдір су, айнала тып-тыныш. Қаланың тынымсыз өміріне қарама-қарсы әлем. 

Бұл шығарылымда әдеттегі форматқа аздап өзгеріс енгізейік. Бейнеқордың тереңінде жатқан материалдарды ақтарып, бағдарлардың алғашқы нобайларын қайта қолымызға алып, бір кездері эфирге енбей қалған автосаяхаттың үзінділерін бірге еске түсірейік.