Дархан дала. Амангелді ауданы: кәсіпті нәсіп еткендер мекені

Бұл ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жақсы жолға қойылған.

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде өз бизнестерін дөңгелетіп отыр. Бірі аудан халқын нанмен қамтамасыз ететін наубайхана ашса, енді бірі шағын баспахана ашты. Сондай-ақ өңір ауыл шаруашылығымен де айналысуға өте қолайлы. Тек осы өңірде 400-ге жуық шаруа қожалықтары бар. Дені ірі қара баптаумен айналысады. Бүгінгі шығарылым 17 мың халқы бар Қостанай облысы Амангелді ауданының тынысына арналады.