Дархан дала. Көрікті Көкше

Бүгінде қала 17-ден аса ұлттың өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан Ақмола облысының орталығы болып табылады. Бұл өңір сұлу табиғаты, спорттағы жетістіктері, зауыттары және тарихи ғимараттарымен қатар, талантты шеберлерімен де мақтана алады. Ендеше бүгінгі шығарылымда біз сіздерді сол ағаш және қуыршақ шеберлерінің қолынан шыққан туындылармен, еліміздегі жалғыз триатлон мектебімен, 112 жыл бұрын салынған ғимаратта орналасқан Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен және ауыр жүк автомашиналар өндірісі бойынша көш бастап келе жатқан кәсіпорынмен толығырақ таныстырамыз.