Дархан дала. Қызылорда облысы, Арал ауданы

«Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы бұл жолы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Хабар» телеарнасы, Қазақ географиялық қоғамы мен «Арша» студиясының «Экспедиция 25» атты жаңа жобасымен бірге саяхатқа шықты. Сапар барысында олар Қазақстандағы және ТМД-дағы жалғыз экстремалды жағдайдағы «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы мен Арал өңірі тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысты. Толығырақ осы шығарылымда.