Дархан дала. Жезқазған: түсті металлургия орталығы

Бұл өңірде сонау 1771 жылы аз ғана шаңырақты Бекболат ауылы орналасты. Ал Жезқазған қаласы 1929 жылы «мыс» астанасына айналдыруды ойлаған Қаныш Сатбаевтың арқасында пайда болды. Кеңір өзенінің маңында ірі мыс қорыту комбинаты ашылып, қала мен кен ошағын салуға күллі одақтан еріктілер жиналды. Осылайша 1954 жылы жұмысшы кентке қала мәртебесі берілді. Бүгінде мұнда 91 мың адам тұрады. Өңірдің тыныс-тіршілігі жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.