Дархан дала. Петропавл қаласы

Көптеген дерек көздер 1752 жылы қаланың негізі салынғанын айтады. Дәл сол уақытта «Әулие Петр» қамалының іргетасы қаланған екен. Сондай-ақ, ел аузында елді мекеннің Қызылжар атауы да сақталған. Тарих қойнауына үңіле түссек тағы қандай дерекке кез боламыз? Бүгінде тірлігі қайнаған ескі қалалардың бірі Петропавлдың тынысы осы шығарылымда.