Дархан дала. Ақтөбе: кәсіпкерлер қаласы

Бұл қаланы нағыз кәсіптің қайнаған ортасы десек те болады. Мұнда сапалы өнімдерімен шетелдік нарықтарды бағындырып, ел игілігіне жұмыс істеп жатқан өндіріс орындары жетерлік. Дүкен, асхана, дәмхана секілді тұтас кешенді қамтитын кондитерлік цех сөзімізге дәлел. 2007 жылы жұмысын небәрі 3 адамнан бастаған мұнда бүгінде 130-дан астам адам еңбек етеді. «Дархан дала» бүгін сіздерді осы «тәтті» бизнес пен отандық нарықта үй жабдықтары мен арнайы киімдер сататын тігін цех жұмысымен таныстырады.