Дархан дала. Ақтөбе қаласы

Бұл қалада маңызды әлеуметтік сала құрылысында аянбай еңбек етіп жатқан батыл әйелдермен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қол ұшын созған жандар да жетерлік. Сөзіміге дәлел 2002 жылы ашылған «Үміт» дағдарыс орталығы. Ол «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі негізінде құрылды. Онда қиындыққа тап болған кез-келген адам сенім телефонына хабарласып, заңгер және психолог мамандардың кеңестеріне тегін жүгіне алады. «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді Ақтөбе қаласымен тыныстыруын жалғастырады.