Дархан дала. Астана: жарқын болашаққа бастар жол

Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 8-сынып оқушылары арасында зияткерлік ойыны өтті. «Мәңгілік Ел – мұратым» деп аталатын сайыс 5-кезеңнен тұрады. Жүзден жүйрікті анықтаған додада кім жеңіске жетті? «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы бүгін сіздерді еліміздің ертеңгі тірегі болған жастардың білім саласындағы беталысымен, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражаймен және қалалық Мемлекеттік академиялық филармонияның Үрмелі аспаптар оркестрінің әртістерімен таныстырады.