Дархан дала. Астана: Тәуелсіздікке – 25 жыл

«Тәуелсіздік жылнамасы – 25». Осындай атаумен Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында фотокөрме өтті. Онда заманауи фотографтардың 1991 жылдан бергі еліміздің маңызды оқиғалары бейнеленген 90-ға тарта жұмысы қойылды. Мерке қарсаңында «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы сіздерді ширек ғасырда елдің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген ұжымдармен таныстырады.