Дархан дала. Қарағанды облысы: Тентек

Осыдан 18 жыл бұрын Қарағанды облысының Шахтинск қаласында шұжық және ет өндіретін ет комбинаты ашылды. Бүгінде өндірісі қарқынды дамыған онда 200 адам жұмыс істейді. Германиядан алып келінген соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған комбинат осы уақыт ішінде 100-ден астам шұжық өнімдерін игерді. «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы бүгін сіздерді Шахтинск қаласының тыныс-тіршілігімен таныстырады.