Дархан дала. Бұқар жырау ауданы

Белсенді спорт пен демалысыңызды жақсы өткізгіңіз келсе Бұқар жырау ауданына баруға кеңес береміз. Онда орналасқан отбасылық сауықтыру кешенінде таза ауада шаңғы теуіп, шанамен сырғанауға мүмкіндік бар. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді Қарағанды облысындағы 9 ауданның біріне кіретін Бұқар жырау ауданымен таныстырады. Бүгін біз 60 мыңға жуық халық тұратын аудандағы мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен ашылған бекіре шаруашылығы мен жергілікті мектепте ерекше қолөнер туындыларын жасап, шәкірттеріне сол өнерді үйретіп отырған ұстаз жайын сөз етеміз.